Қазақстан дейтін елім бар

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

>Адамдар арасында ғұмыр кешіп,
Адаммен араласпау –
Азам оған.
О бастан жомарт қазақ топырағы,
Ол қашан дастархансыз тоқырады.
Мейманға нәрін беріп,
Барын беріп,
Қонақтан қалғанын жеп отырады.
Халқымның ең қымбаты төрі ме еді?!
Төрден ол қай уақытта жерінеді!
Қонақсыз қалған күні
Сол қазаққа
Бір нәрсе жетпейтіндей көрінеді.
Баласы батаменен ауызданған
Бабамнан мәрттік жайлы аңыз қалған.
Болмаса өз қонағы
Көршісінің
Қонағын бірер күнге қарызға алған!
Кететін жемісіңді тонап күзде
Жел жылдар қайткенде де шолақ бізге.
Сондықтан санайды ол
Бұм өмірге
Келген бір бәріміз де қонақпыз деп.
Қадыр Мырза Әлі

- Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан. – сөзімізбен сахна төріне 7 сынып оқушыларын шақырамыз

Фариза Оңғарсынова
О,ТУҒАН ЖЕР!
О, туған жер,
Кең пейіл, құшағың кең,
Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.
Сағынышымды қанат қып саған қарай
Балапандай талпынып ұшамын мен.
Алақаны анамның – топырағың,
Сендік махаббатымның оты жалын.
Сені қалай сүюдің керектігін
Менің мынау өмірге құштарлығым
Гоша
Қадір Мырза әли
ТУҒАН ЖЕРДІҢ АУАСЫН
Туған жердің ауасын
Сағынамын мен тегі.
Үлкен түгіл, баласын,
Момын түгіл, тентегін.
Қайың түгіл, қаңбағын,
Қырат түгіл, обасын;
Шалғын түгіл, шаңдағын,
Құрақ түгіл, қоғасын;
Белес түгіл, елесін
Самал түгіл, дауылын;
Түсіме көп енесің,
Айналайын ауылым!-Уакпаев
Отан
Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің –тірегім,
Құшағында гүл атам.
Шығысыңнан арайлы,
Күліп атқан құба таң.
Сенен бақыт тарайды
Баршамызға Ұлы Отан.
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Мәңгі

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: