Қазақстан дейтін елім бар

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

«Қазақстан дейтін елім бар. . . » мәнерлеп оқу сайысы.
Мақсаты:
оқушыларға мемлекеттік тілді өркендетіп, мәртебесін биік ұстауды
насихаттау; ой - өрісін, сөздік қорын молайту;
жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
- Қазақстан –сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан-бұл азат ел танысыңдар.
Көк байрағы , елтаңба, әнұраны,
Қазақ елі егеменді , сан ұлты бар.
-Еліміздің тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз, сондықтан бүгінгі «Қазақстан дейтін елім бар. . . » тақырыбында болатын мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер!
- Уа, туған жер, топырағыңнан жаралдым
Алабыңнан арманыма нәр алдым.
Тұнығыңнан жүзіп іштім сендегі
Алтын арай таңғы жұпар самалдың. – дей келе мәнерлеп оқу сайысына қатысушыларды таныстыра кетейік. Бұл сайыс 7-8, 10-11 сыныптар аралығында өтеді. Олар:
Григорьев Илья
Уакпаев
Фурсенко Григорий
Бегалиев Аян
Байтьякова Жанна
Исаев Аслан
Постникова Валерия
Мартушкевич Ангелина
Темірбаев Әнуар
Кеслэр Аделина
Нуртазенов Темирлан
Рощина Мария
Тарасова Дарья
Ең алдымен сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасын тағайындап алайық:
1. Мектеп директоры
2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
3. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сайысымызға қатысатын оқушылар туған жер, Отан, қазақстаанның тәуелсіздігі мен қонақжайлығы туралы өлеңдерді оқып шығады. Сайытың шарты өлеңнің тақырыбын, авторын атау, нақышына келтіріп, мәнерлеп айту.
- Бір кұдірет бізді өмірге жолдайды,
Біз өмірді түсінбейміз сол қайғы.
Туа сала таудай бақыт іздейміз,
Ал, шынында бакыт ондай болмайды. – дей келіп бірінші 8 сынып оқушысы Бегалиев Аянды қошеметтеп қарсы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: