Қазақстан - бірлік пен татулықтың мекені

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

/>Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жүрегемде таныстым мың тіліммен.
Жылағанда жүрегем күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.
І жүргізуші:
Мен - қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
ІІ жүргізуші:Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 24 жыл толғалы отыр. Бұл - қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің 24 жылы. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді.
І жүргізуші: Алғашқы кезекті өзіміздің ұлттық әнімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне берейік. Ұлттықән"Атамекен"
I жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі кешімізде біз 5 ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз. Әрине, қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.
ІІ жүргізуші: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың меномені - Қазақстан халықтары Ассамблиясы құрылды. Бұл - ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
І жүргізуші:
Ортақ менен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
ІІ жүргізуші:
Ортақ бізге бір отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
І жүргізуші: Байлықтың ең үлкені - халықтар достығы,- дей отырып, орыс биін тамашалауға шақырамыз. Орыс биін,әнін орындайтын 1 сыныптың оқушылары
І жүргізуші:
Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған!
ІІ жүргізуші: Бүгін біздің кешімізге өзбек ұлтының өкілі келіп отыр. Өзбек биін тамашалаңыздар!
І жүргізуші:
Ағайын - туған - бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: