Сабақтың тақырыбы: Қазақшаңыз қалай?
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой - өрісін, білім деңгейін көтеру.
2. Дамытушылық: Түрлі әдіс - тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру. Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрлерін сыйлауға тәрбиелеу, шапшаңдық пен зеректікке баулу.
Сабақтың түрі: танымдық сайыс сабақ
Сабақтың формасы: топтық
Сабақтың әдістері: эвристикалық, репродуктивтік
Сабақтың тәсілдері: демонстрациялау, баяндау, көрсету, өздік жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану, математика, бейнелеу
1 - жүргізуші: Құрметті оқушылар! Бүгінгі «Қазақшаңыз қалай?» атты танымдық сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар, өзара ынтымақтастықта жұмыс жасай алуға үйрету.
2 - жүргізуші: Қадір Мырза Әлі айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен біздің мектебіміздің 6в – сынып оқушыларының арасындағы «Қазақшаңыз қалай?» атты танымдық сайыс сабағымызды бастаймыз.
1 - жүргізуші: Бүгінгі сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:
1. Таныстыру. (өз тобын таныстыру)
2. Сөздер сөйлейді. . . (шашыраңқы сөздерден сөйлем құрау)
3. Кім жылдам? (сөздікпен жұмыс)
4. «Өнерпаз болсаң. . . » (ү
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>