ін қажетті материалдарды жинақтағанда, мен мынандай ойға келдім: Менің ұлтым қазақ емес өзге болса да , мен өз мемлекетімнің мемлекеттік тілін меңгеретін
азаматша боламын. Өйткені, маған қазақ тілі өте ұнайды. Сондықтан мен 3-5 сынып оқушыларына "Қазақша сайра" деген кітапшамды құрастырдым.
Күтілетін нәтиже: сөздіктер мен сөз тіркестерін, қазақша оқулықтарды қызыға оқыса, мемлекеттік тіл - қазақ тілін меңгеруге сұранысы артады, қызығушылықтары туады, қазақша қарым-қатынас жасайтын болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: ғылыми қолданбалы жоба кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер мен қосымша тізімнен тұрады.
Негізгі бөлім
2. 1. Тіл - таным, қарым - қатынас құралы
Оқушылардың мектепте өзара қарым-қатынас жасап, пікір алысатын құралы тіл. Тіл ауызша және жазбаша мағынаға ие. Тілдің дамудағы үш кезеңі - сөйлеуге дейінгі кезең, сөйлеу кезеңі, сөйлеуден кейінгі кезең. Тілдесу арқылы өзінің мақсатын, сырын, ойын білдіреді. Тіл - дыбысты жүйе арқылы іске асады. Тілдің өзінің теориялық заңдылықтары бар, қолдану ерекшіліктері әртүрлі.
Мемлекеттік тіл - қазақ тілін үйрену үшін отбасының атқаратын ролі ерекше. Ата-ана оқушымен күнделілікті баламен қазақша тілдессе, я болмағанда білетін сөздерін қолданса, қазақша бағдарламалар көрулерін бақыласа, күнделікті сөздерді қазақша сөйлесе, тіл үйренуге болады, тіл дами бастайды.
Мен осы қолданбалы ғылыми жобада орындау кезінде , мектеп оқушыларының қаншалықты қазақ тілін меңгергенін білу мақсатында 1-9 сынып оқушылары арасында сауалнама жүргіздім. 1-4 сыныптар арасында оқушылар қазақ тілін 5 , 5-9 сыныптар арасында 15 жақсы білетініне көзім жетті. Оқушылардың көп пайызы қазақ тілін жаттанды біледі екен.
Маған қазақ тілі өте ұнайды. К
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>