керек.
Менің бұл тұрғыда зерттеу жасаған кезімде қазақ тілін білуге деген құштарлығым арта түсті, өйткені мен оқулықтарды, деректерді пайдалану арқылы өз білімімді толықтырдым.
Бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ өзінің елінің, өзі тұратын жерінің мемлекеттік тілінде сөйлей білуі керек деп ойлаймын. Біз өзге ұлттарға еліктейміз. Тіл барлық елдердің азаматтарын бір-бірімен біріктіреді, достастырады. Елбасы Н. Ә. Назарбаев "Екі қазақ бірге отырғанда бір-бірлеріңбен қазақша сөйлесіңдер, сонда басқа үйренер" деген. Міне, мемлекеттік тілді меңгеруді біз бірге өзімізден бастауымыз керек.
Менің қолданбалы ғылыми жобамды қорытсам, мемлекетік тіл - қазақ тілін білу керек, қазақша сайрау үшін күнделікті қолданылатын сөздерден бастап сөйлеп, оқулықтарды көп оқып, тіл үйрететін үйірмелер бару, бағдарламаларды көру қажеттігін ұғындым .
Сонда мен немесе қазақ тілін үйренгісі келген оқушы өз бетінше тілді меңгереді. Осы мен жинастырып құрастырған кітапшамның оқушыларға пайдасы тисе, мен қуанар едім. Яғни, мен үшін бәрі алда, мен қазақша сайрауға талпынамын!
Пайдаланған әдебиеттер
1. Қазақ тілі мен әдебиеті, Алматы, 1995ж.
2. Орыс сыныптарында қазақ тілін тиімді оқыту жолдары, Алматы, 1990ж.
3. Қазақ тілі мен орыс әдебиеті орыс мектебінде, Алматы, 2003ж.
4. Қазақстан мұғалімі, 2005ж. - қыркүйек
5. Қазақ тілі, Қарағанды, 2011ж.
6. Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Алматы, 2005ж.
7. Ғаламтордан алынған ақпараттар да жазылды.
Страницы: << < 5 | 6 | 7