асқаны)
Ұрғашы жылқыны (байталды)
Құнажын байтал (2 жастан асқан)
Дөнежін шығар (3 жастағы)
Дөнежін байтал (3 жастан асқан)
Бесті бие (4 жастан асқаны)
Қасбалы бие (7-8 жастағы бие)
Кәртамыс бие (11-14 жастағы)
Жасаған бие (20 жастан асқан бие) т. б.
Жылқының қасиеті
Төрт түліктің ішіндегі ең таза мал - жылқы. Оның тазалығы соншалық - суды да кешіп барып, таза жерден ішеді. Ол өте сезімтал мал. Қолға тез үйренеді. Бір ғажабы жылқыда өт болмайды. Төрт түліктің ішінде жылқыны өсіру жеңіл. Себебі жылқыны бағуда артық шығын кетпейді. Жылқы-жеті қазынаның бірі. Ол сезімтал, талғампаз жануар.
Жылқыны күту, тамақтандыру
Тау бөктері аймақтары мен қуаңшылық жерлерде ауа райы жылы болғандықтан жылқыны жыл бойы жайылымда бағады. Бұл жерде жылқы шаруашылығы ет алу мақсатында ұйымдастырылған. Жылқыны бағудың бірнеше әдістері бар: үйірлеп бағу, бос бағу, табындап бағу.
Бос бағуда жылқыны жыл бойы жайылымда болады. Қатты боран немесе көк тайғақ болғанда пішен, жем беріледі. Табындап баққанда жылқы жынысына жне жасына қарай табынға бөлінеді. Боран және аяздан қорғау үшін қора, қолқа, ықтасынсалынады, Құдық қазылады, суаттар жасалады.
Жылқы өнімі
Еті мен сүтінің адам ағзасына пайдасы
Қазақ халқыүшін жылқы қасиетті мал. Оның еті мен сүті өте шипалы. Еті жесең қорытуға жеңіл, сіңуі тез, өте пайдалы. Жылқы етінің басты қасиеті : жүрек, қан, тамыр ауруларына, бүйрек жұмысын жақсартуға , буын сүйектерді жібітуге т. б. қолданылады. Сондай ақ ірі қара малдың асқазаны ауырғанда, балапандар мен тауықтардың ащы шегінде қабыну белгілері байқалғанда қолдануға болады. Міне бұл кеңестерді үнемі жаныңызға жинап, қажетіңізге жаратуға болады.
Биенің сүтінен қымыз ашытады. Қымыз ауырған адамға ем, ал сау адамға қуат
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>