ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕР

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>


Мәтінді оқығаннан кейінгі жұмыстар:

1. Логикалық сұрақтар
2. Сөздік жұмыстар
3. Фонетикалық жаттығулар
4. Сөйлем құру
5. Мәтінге жоспар құру
6. Аударым
7. Мәтінге ат қою
8. Диалог, ситуация құру
9. Мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша айту
Ойындарға қойылатын талаптардың өз алдына жеке мақсаттары бар. Олар:
:: ойынның мақсаты нақты әрі керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып қойылу керек;
:: ойын ережелері оқушыоардың түсінуіне оңай, қарапайым әрі шағын болуы тиіс;
:: ойынға оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету қажет;
:: ойын жүру барысында мұғалім балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай алуларына, ойлана білулеріне жол көрсетуі қажет.
Сабақ тиімділігін арттыруда ойын элементтерін қолдану белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді. Ойын элементтерін сабақта екі түрлі мақсатта пайдаланамын. Біріншісі - сабаққа қызығушылығын арттыру, тілін дамыту, екіншісі - оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу.
Сабақта қолданылатын ойындар: "Бәйге", "Кім жылдам?", "Кім тез табады?", "Ойлан тап!", "Жалғасын айт", "Полиглот", "Не,қайда, қашан?". Ойын барысында оқушының ойлау қабілеті, тапқырлығы дамиды.
Қорыта келе, оқушының құзырлылығы ойын технологиясы арқылы дамиды. Оның ішінде мәтінмен жұмыс арқылы танымдылық қабілеттері, танымдық процестері дамып, сөздік қоры молаяды, оқытуда жағымды әрекет қалыптасады. Ұстаздың басты мақсаты - шәкіртінің өзінен де білімі терең, дәрежесінің биік болуы. Сол кезде ғана қоғамда алға жылжу үрдісі жүреді.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Қазбекова Н. Т

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: