ойын іс - әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс.
Тілді оқытып, үйретудің сапасын арттыру әртүрлі жағдайларға байланысты. Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты - оқушыларға қазақ тілін меңгерту, сауатты жазуға үйрету, қазақ халқының әдет-ғұрпын, тілін құрметттеуге, Отанды сүюге баулу.
Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыс түрлерінің бірі - сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Мәтінмен жұмыс дегеніміз - сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Мәінмен жұмыс дегеніміз - сабақта өтілетін әртүрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Олар:
1. Дыбыстармен жұмыс
2. Сөздіктермен жұмыс
3. Сөздік қорларын жетілдіру
4. Тіл дамыту
5. Ережемен жұмыс
6. Ауызша сөйлей білуге дағдыландыру.
Мәтінмен жұмыс істеу мынадай кезеңдерге бөлінеді:
1. Мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс.
2. Мәтінмен жұмыс кезеңі.
3. Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең.
1) Мәтін алдындағы жаттығулар мен соған сйкес жұмыс түрлері мынадай бағытта жүргізіледі: тілдік тұлға мен сөйлем үлгілерін мәтінде танып, айыра білу және әртүрлі құрылымдық материалдарды (сөзжасам элементтері, етістіктің жақ, шақ түрлері, т. б. ) меңгерту.
2) Келесі мәтінмен жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде мәтіннің тілдік материалы мен құрылымы орындалады. Мәтін ішінен қажет мәліметті бөліп алу, айыра білуге машықтандыру жаттығуларын әртүрлі тәсілмен орындау. Мәтінмен жұмыс былайша ұйымдастырылады: оқығанның мазмұнын айту, мәтін бойынша сұраққа жауап беру, жоспар жасату, бірнеше бөлімге бөліп оқыту, негізгі жанама ойды таптыру, қорытынды жасату.
3) Шартты түрде алып отырған үшінші кезеңде мәтінді оқып, түсініп, негізгі ойды қазақ тілінде жеткізе білу.
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>