ты ояту
Мағынаны тану
Жаңа сабақ
ІІ. Жаңа тақырыпты, мақсатын хабарлау.
1. Оқушылардың етістік жайлы алған білімдерін еске түсіріп,
сөйлемдерге сұрақ қоя отырып етістікті таба білуге үйрету.
2. Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретіні туралы түсінік қалыптастыру.
3. Өз ойларын жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
Бүгінгі сабағымыздың ұраны:
Сөйлейміз, оқимыз, жазамыз,
Бәрін білуге ұмтыламыз.
- Ендеше осы ұранымызды ұстана отырып сабағымызды бастаймыз.
IҮ. Жаңа сабақ
Дәптерге күн реті, тақырып, көркем жазу жазылады.
Оқулық материалдарымен жұмыс.
1 - жаттығудағы өлең жатқа жазылады. Оқушылар орындайтын тапсырмалары:
:: өлеңнен етістіктерді тауып, астын сызу;
:: етістіктерге сұрақ қою;
:: дәрігер мамандығы туралы қысқаша әңгімелесу:
2 - жаттығудың мақсаты да оқушылардың назарын қимыл,
іс - әрекетті білдіретін етістік сөздерге не істеді? қайтеді? деген сұрақ қойылатынын аңғарту. (Ауызша)
3 - жаттығу бойынша көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазады. Етістіктердің астын сызып, оның қай сөз табымен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсетеді.
1. Бағбан көктемде қураған бұтақтарды кеседі. 2. Ат жегілген арба келеді. 3. Асқардың туған күніне достары доп сыйлады. 4. Аспанды қою бұлт қаптады. 5. Ақын өлең жазды. 6. Әуежайдан әлемнің әр қаласына ұшақтар ұшады. 7. Құстар ағашты зиянкестерден қорғайды.
Сергіту кезеңі.
Қызықты грамматика.
"Бір сөзбен атаңдар" ойыны. Жалпы сынып ұжым бірігіп орындайды.
Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
Жүрек жұтқан адам (батыл)
Бетінен оты шықты (ұялу)
Ит өлген жер (алыста)
Тас бауыр (мейірімсіз)
Тасы өрге домалады. (бағы жанды)
Жер соғып қалу (өкіну)
Тілінен бал тамды (ше
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>