Қазақ тілінен 90 сабақ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

90-сабақ
Қазақ тілі
Уақыты:
Кабинет: 17
С. К. Сулейменова
Сабақтың атауы
Етістік
Сілтеме
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы
Үлестірмелі парақшалар
Жалпы мақсаттар
Білімділік: Етістік заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретіні туралы түсініктерін қалыптастыру үшін сөйлемдерге сұрақ қоя отырып, етістіктерді таба білуді
үйрету.
Дамытушылық: Оқушылар сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын дамыту. Өз ойларын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, интерактивті тақтамен жұмыс, өзіндік
Оқыту нәтижесі

Топқа бөлу
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы
Қайырлы таң досым,
Қайырлы күн болсын.
Сәрсенбінің сәті
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кіл бестіктер болсын!
Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын.
Үй тапсырмасын сұрау

"Тез ойла, сөз ойла" ойыны арқылы өткен сабақты пысықтап, жаңа сабаққа дайындық жасау.
Не? Кім?
. . . қоздайды . . . емдейді
. . . құлындайды . . . оқытады
. . . лақтайды . . . ұшады
. . . боталайды . . . тігеді
. . . бұзаулайды . . . жазады
- Балалар, біз қандай сұраққа жауап беретін сөз таптық?
- Кім? Не? сұрағы кімдерге байланысты қойылады?
- Ол қай сөз табы?
- Зат есімнің ережесін сұрап, мысал келтіру.
Қызығушылық

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: