Қазақ тілі

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>

ай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жарға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім.
Мүсірепов Ғ. Қыпшақ мемлекеті жаңа жыл қайырудың ҮІ ғасырында құрылған. Сол кезде оның көркем әдебиетке жататын тілі де бар еді. Мемлекет құрамында оғыз, қарлұқ сияқты әлденеше тайпалар болғанымен, тілі бір . . .
Осы жайларды сипаттайтын Орхон-Енисей жазулары былай сөйлейді: "Қытайдың тәтті сөзіне, асыл дүниеліктеріне алданып түркі халқы қырылдық, түркі халқы жойылдық!
Қытай қолында қандай ерлеріміз құл болып қалды. Біз қағаны бар халық едік. Қайда сол қағанымыз? Енді бұл қорлыққа шыдап отыра бергенше, өзімізді өзіміз құртайық, қырылайық!"
Бұл, әрине, жігерлі жүректің тебіренісі, күреске шақырған ердің айтар сөзі. Сонымен бірге бұл - өскен тілге тән көркем әдебиет тілі. Әрі шешен, әрі көркем сөйлей алатын халықтың тілі. Будандаспаған, сыртқы әсерден таза тіл. ҮІ ғасырда осындай дәрежеге жеткен тілдің түп-тамыры жаңа тіл қайырудың ар жағында, ой жетпес әріде жатпақ.
Мұстафин Ғ. Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы - бәрінен де сенімді байлық.
Қазақтың қара сөзінде көп мән жатыр. Күн шалмайтын қараңғы көңілді сөз шалады. Ендеше, соншалық қуатты да, киелі қаруды қалай болса солай қолдануға болмайды.
Досмұхамедов Х. Тіл - жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел болмайды. Тілінен айрылған жұрт - жойылған жұрт. Мектеп пен баспаның иілі дұрыс болса, елдің тілін көркейтіп, байытып, гүлдендіреді, мектеп пен баспада қолданудан қалған тіл - шатасқан тіл. Ол ел - сорлы ел, мұндай елдің тілі бұзылмай қалмайды. . . Ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, ол - күйініш. Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлеу, бұл - сүйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат тіл

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: