Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойындарды қолданудың тәрбиелік негіздері

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>

ұл негізгі шарты бойынша шашылған асықты жинай отырып, жаңылтпашты жаңылмай айтып отыруы керек. Қай топтың баласы қанша асық жинаса, сонша жаңылтпаш айтуы керек, жаңылтпашты дұрыс,анық айтқан баланың тілі шынығады әрі жылдамдыққа,шапшаңдыққа,ептілікке үйренеді.
"Ақсүйек" ойынын айлы түнде көңіл көтерген жастар сүйекті лақтырып, оны іздеу арқылы ойнаған. Мен "ақсүйекті" 2-сыныпта сан есім тақырыбын өткенде сан есімі бар мақал-мәтелдерді айтқызу үшін қолдандым. 3- сыныпта негізгі және туынды зат есім тақырыбында негізгі зат есіммен туынды зат есімді табу үшін ойнаттым. Бұл ойында кез-келген қималарды таңдап алып, тапсырманы орындау керек.
"Арқан тартыс" ойынының негізгі шарты 2 топтың сынасуы болса, қазақ тілі сабағында 2 топ білім сынасады. Мұны былай жасадым: Жуандығы 2 елідей ұзын жіпті тақтаның жоғарғы жағынғы 2 шегеге іліп, ұштарын теңестіріп қоямын. 2 топтан 1-1 оқушы шығып, 1 мезгілде мақал-мәтелдерді тоқтамай айтып шығады. Қай топтың оқушысы бұрын шығарса,жіптің ұшын өзіне қарай тартады. Нәтижесінде арқан қай топқа қарай көп жылжыса сол жеңді деп есептеледі. Бұл ойынды барлық пәндерге қолдануға болады.
Бастауыш сынып апталықтарында "Тапқыр достар", "Бақытты сәт" атты интеллектуалдық ойындарда қазақ тілі пәнінен викториналық сұрақтар түрінде өткіздім.
Ойын әрекеті негізінен 3 түрлі даму деңгейлерінен тұрады: кәсіптік ойындар, әуестену ойындары, оқу-жаттыу ойындары.
Ойын оқу үрдісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алады. Сол сияқты ойынды оқушылар мен мұғалімдер және мектеп жасына дейінгі бала бақша тәрбиешілердің бірлескен оқу әрекетінің өзара байланыста болатын технологиясы ретінде қарастыруға болады.
Педагогтың бала ойынындағы рөлі

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: