Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойындарды қолданудың тәрбиелік негіздері

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

тикалық ойындардың сапалылығы:
Олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажеті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына
байланысты болады.
Дидактикалық ойын түрлері:
1) Заттық дидактикалық ойындар
Бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен ж/е әртүрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
2) "Жаңылтпашты жаңылмай айт", "Мақалды дұрыс оқы", "Мақалды жалғастыр" т. б.
3) Сөздік дидактикалық ойындар, яғни ауызша ойналатын ойындар:
Мыс: Мұғалім бірінші топтың алдына келіп, "өтірік сөз" немесе "ұрлық" деді, оқушылар өтірік сөздің жолы қысқа екендігін және ұрлық түбі қорлық екенін айтып, мақалдар ұйқастырып айтады. Оқушылар осындай ойындарға дағдыланып,жаман қылықтардан аулақ болады. Сабақта викториналық сұрақтар, жұмбақтар,сөзжұмбақтар,ребустар пайдалану өте тиімді.
Оқытудың ойын теориясын қолдануда екі жақты дидактика байқалады:
1. Ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі.
2. Ойнай отырып, өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтау қажеттігі.
Ойнау теориясы мен практикасын отандық және шет елдік педагог-психологтар, социологтар зерттеуде.
Дидактикалық ойынға "Ғажайып алаң", "Бақытты сәт", ХХI ғасыр көшбасшы,анаграммалар,тренинг-сабақ,"Ойлантап,","Кім тез", атты ойындар және викториналар, сөзжұмбақтар, ребустар жатады.
Сонымен қатар ұлттық ойындары оқушылардың ауызша жеткізу сауаттылығы мен біліктілігін дамыту үшін пайдалануға болады. Ұлттық ойындар- ата-бабалардан бізге жеткен "ханталапай" ойынын топтық жарыс сабағында пайдалануға болады.
Б

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: