МКҚК "БОЛАШАҚ" бөбекжай бақшасы
қазақ тілі мұғалімі Сагитова Б. К.
Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойындарды қолданудың тәрбиелік негіздері
Жоспары:
І. Кіріспе бөлім
1. Дидактикалық ойынға анықтама
ІІ. Негізгі бөлім
1) Ойын-пәнге қызығушылықты арттырудың тиімді жолы
2) Дидактикалық ойындардың мақсаты мен міндеттері
3) Құрылымы
4) Сапалылығы
5) Түрлері және қолданылуы, теориясы
6) Даму деңгейлері
7) Бала ойынында педагогтың рөлі
ІІІ. Қорытынды бөлім
Дидактикалық ойынның маңызы
Эпиграф:
Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты.
В. М. Сухомлинский
І. Кіріспе бөлім
Ойын адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық мегергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі. Қазақ халқының ұлт ретінде өмір сүруіне оның тілімен қатар салт-дәстүрлердің,әдет-ғұрыптарының маңызы айрықша. Қазақтың мақал-мәтелдері жас ұрпақты ибалы болуға,әдептілікке,мінезін жақсы қасиеттер арқылы имандылықпен инабаттылыққа тәрбиелесе,ақын-жазушылардың көркем шығармалары эстетикалық,этикалық қасиеттерге тәрбиелейді.
Абай Құнанбаевтың он тоғызыншы қара сөзінде жас кезінен жақсы сөз естіп өскен бала кейін есті адам болады: "Адам ата-анадан туғанда есті болмайды,естіп,көріп,ұстап,татып ескерсе. Дүниедегі жақсы,жаманды таниды-дағы,сондайдан білгені,көргені көп болған адам білімді болады. Сондықтан балаға жас кезінен бастап ойын арқылы тәрбиелік маңызы жоғары халық ойларының кәусар бұлақтарымен сусындату қажет.
Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К. А. Покровский "ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірі
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>