Пән: қазақ тілі сынып 3 "А"
Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Мақсаты:
Білімділігі: Зат есім туралы алған білімдерін кеңейту Өмірмен байланысты мысалдар арқылы сөйлем құрату пысықтау.
Оқушыларға заттың атын білдіретін сөздер туралы ұғымды меңгерту. Сұрақтарын қойып заттың атын ажырата білуге үйрету.
Дамытушылығы: Шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту сөздік қорын,тіл байлығын жетілдіру. Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелілігі: Эстетикалық талғамын жетілдіріп,әдептілікке баулу сауатты да, көркем жазуға
тәрбиелеу. Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, оқыту, жаздыру
Көрнекілігі: Презентация суреттер, ребус ,үлестірме карточкалар
Барысы:
І. Ұйымдастыру
а) Сабақтың ұраны ә) психологиялық жаттығу
Бүгін бізде ерекше сабақ, қонақтар келіп отыр. Қазір қазақ тілі сабағы болғандықтан бір шумақ өлеңмен бастайық. Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым,бақытым, дара тілім.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1) 7 - жаттығу Сөздер мен сөз таптарын сәйкестендіру.
Зат есім әдепті,қызық,қоңыр,қышқыл.
Етістік жеті,тоғыз,жиырма,елу,мың.
Сын есім аққу,емен,оқулық,ауа.
Сан есім биледі,өсті,тазалады,ұшты
2) Өткенге шолу:"Ой қозғау
а) Өткен сабақта не үйрендік?
-сөз таптары өттік
ә) сұрақ-жауап қазақ тілінде неше сөз табы бар?
Біз осылардың ішінде қайсысын танимыз?
б) Әр топқа жеке тапсырма беріледі. Үлестірме қағаздар таратылады
1-топ Берілген сөздерге сын есім тіркестіріп жаз Оқушы, тай, су.
2-топ Берілген сөздерге зат есім тіркесті
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>