Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>

рлеріне қарай ажыратыңдар. Үлгі: туу – көңіл күйін білдіретін одағай.
-Түу, есім жаңа кірді ғой! – Ой, обал-ай! Баласын да тоса алмады. – Уһ, кішкене бел жазайыншы. . . –Апырай – ай, мына дүлей тіршілікте көк мұздай тас бауыр екен – ау! –Е, бәрекелді, үйірімен үш тоғыз!
-О-о!-деді князь боямашы тағзым жасап. О, ғажап! Жат адам қатарласа шауып, қолын шылбырға соза берген. Япырай –ай, сонау Сүйіндіктен осы араға келіп жүргені.
Бүгін, менің туған күнім, ой, бәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?
Банкет жасап берер едім өзім – ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны –ай!
Түсіну
25- жаттығу. Өлең жолдарынан одағайды тауып, тыныс белгілерін қойып көшір.
О шіркін ғажапсың – ау көңіл деген!
Жартас жоқ толқыныңа көмілмеген.
Құлдырап құламаған құзың да жоқ,
Қыран боп шырқамаған кезің де кем.
(Ж. Молдағалиев)
Бүгін менің туған күнім ой бәле - ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?
Банкет жасап берер едім өзім – ақ
Тәңірдің бір жарытпай - ақ қойғаны – ай!
(М. Мақатаев)

9
ТЕСТ ОДАҒАЙ ТҮРЛЕРІ
1. Таңдану одағайды көрсетіңіз.
A) Апырай. B) Әттеген – ай.
C) Уһ. D) Қап.
E) Кәні.
2. Шақыру одағайын көрсетіңіз.
A) Моһ-моһ. B) Туу.
C) Алақай. D) Бәрекелді.
E) Ойбай.
3. Одағайдан кейін қойылатын тыныс белгісін табыңыз.
Ой тісім ауырып тұр.
A) Үтір. B) Нүкте.
C) Сұрау белгісі.
D) Нүкте-үтір.
E) Леп белгісі.
4. Сөйлемде одағайдан кейін қандай тыныс белгісі қойылатынын анықтаңыз.
Апырай Мына бөрік сізге керемет жарасып тұр.
A) Үтір. B) Нүкте.
C) Леп белгісі.
D) Нүкте-үтір.
E) Сұрау белгісі.
5. Сөйлемде одағайдан кейін қандай тыныс белгісі қойылатынын анықтаңыз.
Әттеген-ай Сонда қалай болды?
A)

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: