Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

ілін, себебін, мақсатын білдіреді.
Е) Сөз бен сөзді байланыстырады.
3. Күрделі үстеуді көрсетіңіз.
А) Бүгін келдім. В) Кеше бардам. С) Әрең көтердім. Д) Балаша сайрады. Е) Шикілей әкелді.
4. Туынды үстеуді көрсетіңіз.
А) Әдейі бардым. В) Ертең келеді. С) Әрең жүрді. Д) Жылдамырақ жүр. Е) Талай жүрген жерім.
5. Мезгіл үстеуді көрсетіңіз.
А) Бүрсігүні аттанды. В) Ілгері жүрді. С) Қаннен-қаперсіз ұйықтады.
Д) Қыруар жұмыс істедік. Е) Өте үлкен екен.
6. Мөлшер үстеудің сұрағын көрсетіңіз.
А) қашаннан? В) қаншама? С) қайдан? Д) кімше? Е) қандай?
7. Мекен үстеуді көрсетіңіз.
А) Алға қадам басты. В) Әрең-әрең бара жатты. С) Қасақана істеген.
Д) Амалсыздан үйіне жүрді. Е) Қолма-қол тапсырды.
8. Мақсат үстеуді табыңыз.
А) әлгінде, емін-еркін В) орасан, әжептәуір С) жорта, әдейі
Д) тысқары, мұнда Е) амалсыздан, бекерге
9. Үстеу сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр « Үйге қайтатын күнім ертең. »
А) пысықтауыш В) баяндауыш С) бастауыш Д) анықтауыш Е) толықтауыш
10. «Тым, ең, кілең» үстеулері мағына жағынан қай үстеу түріне жатады?
А) мекен үстеуі В) мезгіл үстеуі С) күшейткіш үстеуі
Д) мақсат үстеуі Е) себеп-салдар үстеуі

3Қолдану
6- жаттығу. Ертең, тез, төмен,әрі - бері жүреді, балаша мәз болды,ең әдемі, терең, орасан зор осы үстеулер бойынша деңгейлік тапсырмаларды орында.
1 деңгей. Үстеулерді қолданып әңгіме жаз.
2 деңгей. Үстеулерді қатыстырып диалог құр.
3 деңгей. Үстеулерді қатыстырып екі сөйлем құра.
Талдау
7- жаттығу. Жаздыгүні, таңертең үстеулеріне морфологиялық талдау жаса.
8- жаттығу. Үстеудің мағынасына қарай түрлеріҮстеулерді жаз
Мезгіл
Мекен
Мөлшер
Сын-қимыл
Күшейткіш
Мақсат
Себеп-салдар

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: