Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы

Страницы: <<  <  27 | 28 | 29 | 30 | 31  >  >>

аңқай түс. В) Ботагөз, сен бүгін киноға барасың ба? С) Күн нұрын құйып тұр.
Д) Жаңбыр жауды. Е) Олар асығыс жүріп кетті.
10. Қаратпа сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
А) Әрине, еңбексіз ер де, жер де көгермейді. В) Менің айтып отырғаным, сіздіңше дұрыс емес.
С) Бәріміз, шынында, жас едік. Д) Осының бәрін, әрине, жалғыз істей алмайды.
Е) Дәмелі, бақшаға барайық,-деді Рахмет.
Қыстырма сөз
Білу
82-жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Қыстырма сөздерді теріп жаз.
1. Кішкене күшік, шынын айтсам,маған қатты ұнады. 2. Мәссаған,мұндайда керемет болады екен-ау!3. Ұмытып барады екем,бүгін жарысқа дайындық жұмысы басталады. 4. Неге екенін кім білсін,қасындағы достарымен де араласпайтын болды. 5. Болашақта аты шыққан әнші болатын шығар,бәлкім.
34
83-жаттығу. Бос орынға тиісті сөзді қойыңыз:
1. , бұл мәселе бүгін шешілетін сияқты.
2. Болашақта аты шыққан әнші болар,.
3. , биыл қыс жылы болады.
4. Осының бәрін, ме, жалғыз істей алмассың.
Керекті сөздер: меніңше, шамасы, бәлкім, әрине.
Түсіну
84-жаттығу. Сөйлемдердің ішінен қыстырма сөзді тауып, тыныс белгісін қояды. Ережені шығарып, оны қорғаңдар.
Әрине ол шаттанып айқайлаған жоқ, айқайлап жүгірмеді де. Керісінше көнетоз күпәйкесінің жеңімен көзін сүртіп, қорсылдап жылап келе жатты. Неге екенін өзі білген жоқ. Тек әйтеуір туған ауылды көргенде елжіреп, көңілі босап сала бергені анық. Туған жерін көп жыл көрмегеннен шығар бәлкім.
85-жаттығу. Семантикалық кесте.
Сөз табы
МысалдарҚаратпа сөз Қыстырма сөзОдағай
Байғұс – ау, саған не болған?

«Қош бол, Қараой»

Хан, әрине, ғажайып мешіт салу, хан жарлығынан, не ұзақ өмір сүруден емес, адам көңіл күйінің шаттануынан, не үлкен арманнан туатынын білген жоқ

Әйтеуір,

Страницы: <<  <  27 | 28 | 29 | 30 | 31  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: