Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы

Страницы: <<  <  26 | 27 | 28 | 29 | 30  >  >>

бар сөйлемдермен ертегі құрастыр.
81-жаттығу. Сызба бойынша қаратпа сөзі бар сөйлемдер
құрастырып жаз.
1)----, ---- ---- .
2)----, -----, .
3)---- --- , .
Қаратпа сөз.
1. Сөйлемнің басында тұрған қаратпа сөзді көрсетіңіз.
А) Кеше жаңбыр жауды.
В) Сенің атын қалай, балам?
С) Қап, әттеген-ай!
Д) Асқар, бүгін күн жылы ма?
Е) Оян, қазақ!
2. Құрамында қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.
А) Ол, сірә, бүгін келмейді. В) Кел, балалар, оқылық! С) Мен дүкенге бардым. Д) Піскен алма жерге түсті. Е) Паһ, шіркін!
3. Сөйлемнің ортасында келген қаратпа сөзді табыңыз.
А) Бәйтерек- өте биік ағаш. В) Үйге кір, балам, шай ішіп кет. С) Қарағым, қашан келдің?
Д) Бүгін сабаққа дайынсың ба, Абай? Е) Әжем сандықты ашты.
4. Қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.
А) Автобусқа бір бала кірді. В) Айнаның үйі ауылда. С) Мен бүгін сағат жетіде тұрдым.
Д) Құдияр үйге кірді. Е) Алма, сен бізге келесің бе?
5. Қаратпа сөзі бар сөйлемді белгілеңіз.
А) Жеңіс, келесің бе? В) Тақтаны сүртті. С) Гүлді оқушылар отырғызды. Д) Астық жиналды.
Е) Алма сурет салды.
6. Қаратпа сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
А) Бізде бүгін алты сабақ болады. В) Ертең суық болады. С) Сен киноға барасың ба?
33
Д) Айман, сен келесің бе? Е) Бүгін жаңбыр жауды.
7. Қаратпа сөзді сөйлемді табыңыз.
А) Балалар, кешке мектепте жиналыс болады, кешікпей келіңдер. В) Отан қорғауға дайын болыңдар! С) Меніңше, бұл-өте жақсы оқушы. Д) –Сіз менің айтқанымды түсінесіз бе?
Е) Сабақ аяқталды.
8. Қаратпа сөзді сөйлемді табыңыз.
А) Теңіз толқыны күшейді. В) Су жағаны жуып кетті. С) Арман, сен мұнда келші.
Д) Ай көрінбейді. Е) Орманда гүлдер көп.
9. Қаратпа сөзді сөйлемді табыңыз.
А) Ш

Страницы: <<  <  26 | 27 | 28 | 29 | 30  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: