Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы

Страницы: <<  <  23 | 24 | 25 | 26 | 27  >  >>

ыңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді табыңдар.
Бірлік болмай, тірлік болмас. Жүре берсең, көре бересің. Мен Асқардың сөзін естімегендей, үнсіз тұра бердім. Ол тамағын тез- тез ішіп, орнынан атып тұрды. Марат дәптер сатып алу үшін дүкенге келді. Ол бірдеңе айтқысы келгендей болып, қолын көтерді.
САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ БОЙЫНША ТЕСТ
1. Себеп бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз.
А) Аспанда тұтас бұлт сиреп, жұлдыздар көріне бастады.
В) Сөйлесуге тіл жоқ: Есенейден бата алмайды.
С) Қазақ мақалы бар:асыл тастан, өнер жастан.
Д) Мен қорықпаймын, өйткені әжем кеше айтып берген.
Е) Қасқыр енді мұнын айғайын елемейтін болған соң, Иса басқа бір тәсілге көшті.
2. Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Ербол ғана сүйеп қалып, зорға дегенде буынын бекітті, бірақ сонда да өзін-өзі аңғармады.
В) Қысқы үкідей аппақ болып, ұзақ күндер ұзақ жортып, көбінесе үнсіз жортып, Омбы
қаласына бүгін келіп кірді.
С) Сиырда аунамақ жоқ, тамда белдеу жоқ, таста тамыр жоқ, суда қаймақ жоқ.
Д) Қуаты – ақындық, үміті – халық. Е) Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.
3. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз.
А) Қайраттан қанша жасқанса да, бүгін тәуекел етіп жолығуға келе жатыр еді.
В) Біз үйден шыққанда, күн де сәскелікке жақындап еді.
29
С) Құс жоғары-төмен ұшып, бір қанатын сабалап қаша берді.
Д) Жасында жаттықтыра алмасаң, өскенде бастықтыра алмайсың.
Е) Біреу зәбір етсе, сен сабыр ет.
4. Сабақтас құрмаластағы бағыныңқы сөйлемнің орын тәртібін анықтаңыз.
«Өзі, сол қағаз келгелі, қынжылып жүрген».
А) Басыңқы сөйлемнің алдында.
В) Басыңқы сөйлемнен кейін.
С) Басыңқы сөйлемнің ортасында.
Д) Басыңқы сөйлемнің екі жағында.
Е) Басыңқы

Страницы: <<  <  23 | 24 | 25 | 26 | 27  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: