ғыттап жіберемін. Сол кезде көптеген пікірлерге ие боламыз.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту осы модульді барлығы да қамтиды, өйткені осы модуль бойынша біздің бағдарламамыз құрастырылған.
7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық Осы модульды мен өзім жақсы көремін , өйткені сабақ үстінде бірнеше рет сыныпты топтарға бөлемін. Кей кезде бір топта бірнеше көшбасшы түседі, олар бәсекелесіп, көшбасшылықты қолға алғысы келеді.
Қазақ тілі және әдебиет сабақтарымда:
1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы;
2. Дамыта оқыту технологиясы;
3. Деңгейлеп оқыту технологиясы;
4. Сатылай кешенді технологиясы;
Ақпараттық-комуникативті технологиясын тиімді пайдаланамын.
Ұстаз еңбегі - оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі - әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.
Қорыта айтқанда, оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен-күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып, оқушы дүниетанымы арта түсері анық.
Салтанат Рамазанова
Тоғызақ орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі
Қарабалық ауданы
Страницы: << < 1 | 2 | 3