Қазақ тілі және қазақ әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Қазақ тілі және әдебиет сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту үшін, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Бұл мақсатқа жетуде ұстаздар терең білімді, әдістемелік жағынан толық қаруланған және жоғары мәдени деңгейі болуы тиіс. Мұғалім алғашқы сабақтан бастап әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескере отырып оқу үрдісін жүргізуі керек.
Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше. Бұл жөнінде М. Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: "Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті". ". . . Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы - қазақ баласы қиялқұмар болуға тисті". Педагог ғалымның айтқанының сөз өнері - әдебиетке тікелей қатысы бар. Өйткені М. Жұмабаевтың сөзімен айтқанда, "қазақ баласының жаратылысы соны тілейді". Сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрлымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу-танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқу уақытының үнемделуі.
Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылар

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: