"Д. Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы"
Атырау музыка колледжі
Оқытушы: Темирбаева Н. Ж.
Пән: Қазақ музыка әдебиеті
Өтетін күні, уақыты: 21. 12. 2016ж. 12. 00с.
Бөлімі, курс, тобы: "Халық аспаптар" бөлімінің 1a тобы, "Ән-хор"бөлімі.
Сабақтың тақырыбы: " Қазақ музыкасындағы отансүйгіштік тақырыбы"
Сабақ жоспары:
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: студенттердің өнерге, білімге деген ынтасын арттыру, білім-таным қасиеттерін дамыту
ә) тәрбиелік: эстетикалық қызығушылықтарын арттыру, дүниетанымын кеңейту, өнерлі тұлғаны құрметтеуге тәрбиелеу, мәдени деңгейін ұлғайту, өнерсүйгіштікке, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту, мәдениеттілікке тәрбиелеу;
б) дамытушылық: студенттердің ой-сезімін дамытып, сөздік қорын байыту, арнаулы қабілеттерін дамыту,шығармашылыққа баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.
Сабақтың типі: білімді бақылау.
Сабақтың әдісі: дәстүрлі ауызша және тәжірибелік әдістер, Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары: "Шабандоз бен арғымақ", "Жалған альтернатива", "Синквейн", сергіту сәті - "Мен фотоаппаратпын", "Не өзгерді?"; интерактивті оқыту ойындары: "Ауыстырмақ", "Суреттік жұмбақ".
Сабақтың көрнекілігі: аудио, көрнекі материал, күйдің ноталары, компьютер, мультимедиа проектор, мультимедиялық сенсорлық экран
Пәнаралық байланыс: Сольфеджио, Хор, мамандық: Домбырамен ән салу, Академиялық ән салу, Домбыра - тенор; Негізгі музыка теориясы, Музыкалық шығармаларды талдау, Қазақ тілі, Қазақстан тарихы, Қазақ әдебиеті.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (Сәлемдесу, оқушыларды тізім бойынша түгендеу, олардың сабаққа дайындығын анықтау. . . . . . . . . . . . .
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>