Қазақ хандығының құрылуы

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>

1. Хандықты басқару ісі кімдерге тиесілі болды? (Шыңғыс ұрпақтарына; Керей хан таққа отырды. )
2. Қазақ хандары Сыр бойындағы қалаларға неге құштар болды? (Саяси-экономикалық және әскери-стратегиялық маңызы зор болды. )
3. XVғасырдың 70 жылдары Қазақ хандығы қай жерлерді басып алды? (Сырдария бойы мен Қаратау өңірін)
4. XVғасырдың 80 жылдары Шайбани хан Қазақ хандығының қай қалаларын басып алды? (Сауран, Сығанақ, Созақ)
5. 1470 жылы Керей мен Жәнібек қай қалаларға шабуыл жасады? (Түркістан мен Созақ)
6. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы қазақ хандығының ішіндегі қандай жағдайды тоқтатты? (Феодалдық қырқыстар мен талас-тартыстарды)
2 тапсырма. "Тарихи мозайка" ойыны. Тақтадығы қиылған сөздерді құрастыру.
1. басқару Жәнібекпен ойдағыдай келісе ісін Керей хан хандықтың отырып жүргізген.
2. әлемге саяси беделін Қазақ хандығының Сығанақ қалалар Сауран, Созақ Сыр бойындағы күш-қуатын нығайтып танытты.
3. шаруалардың дағдылы мал жайылымдарын Қазақ хандығының көшпелі жыл мерзімдері тиімді нығаюы бұрыннан бойынша қалыптасқан пайдалануға жасады жағдай.
Дұрыс жауабы.
1. Керей хан хандықтың басқару ісін Жәнібекпен келісе отырып ойдағыдай жүргізген.
2. Сыр бойындағы қалалар Сығанақ, Сауран, Созақ Қазақ хандығының күш-қуатын, саяси беделін нығайтып, әлемге танытты.
3. Қазақ хандығының нығаюы көшпелі шаруалардың бұрынан қалыптасқан дағдылы мал жайылымдарын жыл мезгілдері бойынша тиімді пайдалануға жағдай жасады.
3 тапсырма. Картамен жұмыс. Оқушыларға картамен жұмысқа тапсырма беріледі.
1. Қазақ хандығының алғашқы құрылған аумағын көрсет.
2. Қазақ хандары мен Шайбани ханның шайқастары болған жерлерді көрсет.
3. 1470 жылы Керей мен Жәнібектің шабуыл жасаған қалаларын көрсет.

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: