Қазақ хандығының хандары. Ұлы жүз хандары

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

ішкі тұрақтылық мал басының өсуіне, қолөнер және егіншілік аудандары мен көшпелі мал шаруашылығындағы елдің арасында табиғи өнім алмасуы мен саудаға жол ашты. Қазақ хандығының нығаюына алып келген Қасым ханның бұл шаралары көрші елдер арасында да кеңінен мәлім болды. Моғол хандары Қазақ хандығымен тату болуға ұмтылды. Жоңғарлар Қасым хан тұсында қазақ жеріне жорыққа аттануға жүрексінді. Батыстағы Ноғай ордасының біраз бөлігі ел ішіндегі берекесіздіктен қашып, Қазақ хандығына келіп паналады. XVI ғасырдың екінші онжылдығында Қасым хан өз билігін кең-байтақ қазақ даласының басым бөлігіне орнатты. Бұл кезде хандықтың шекарасы оңтүстікте Сырдарияның оң жағасына жетіп, Түркістан аймағындағы қалалардың біразын қамтыды, оңтүстік-шығыста Жетісудың тау етектері мен жазықтары, солтүстік және солтүстік-шығыста Ұлытау және Балқаш көлі арқылы өтіп, Қарқаралы тауларының сілемдеріне жетіп, солтүстік-батыста Жайық өзенінің аңғарына дейін созылды. Міне, осы аумақ көлемінде тұтас бір халыққа үю және мемлекетке бірігу қарқынды жүрді, мемлекет
Тәуке хан
Әз Тәуке атанған қазақ ханы - Жәңгір ханның ұлы. Билерге сүйене отырып, Тәуке хан сұлтандардың ықпалын бәсеңдетуге тырысты. Атақты "Жеті жарғы" заңдарын жасады. Ол XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында қалыптаса бастаған қазақ құқығының ережелер жинағы болып табылады. Тәуке мемлекеттік басқаруды дұрыс жолға қою үшін қарулы күштерді ұйымдастыру, қазақ халқының бірлігін күшейту мәселесіне айрықша мән берді. Тәуке хан тұсында тұрақты мемлекеттік органдар: Хан кеңесі, Билер кеңесі қалыптасты. Ол басқарған кезде жыл сайын Ташкент түбіндегі Күлтөбеде Үш жүздің басшыларының жиыны өткізіліп тұрды. Жүздер мен тайпалар арасындағы дау-дамайлар Үш жүздің әйгілі әрі беделді билерінің (Төле, Қазыбек, Әйтеке) қатысуымен шешілетін

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: