Топ: қарапайым А1
Тақырыбы:
"Қазақ хандығына 550 жыл"
Танымдық сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ хандығы құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, танымдарын арттыру;
Тәрбиелік: тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу;
Дамытушылық: өткенді еске түсіре отырып, болашаққа бағдар беруге баулу.
Сабақтың түрі: Танымдық сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
Сабақта қолданылатын
көрнекі құралдар: бейне ролик, фото суреттер, кеспе карточкалар, карта
Танымдық сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Түріктің бір бұтағы қазақ еді,
Қайсар мінез, өр еді, ғажап еді.
Жәнібек, Керей хандар басын қосып,
Өмірге келген еді қазақ елі.
Алтай мен Атыраудың арасында
Жетісу, жеті өзеннің сағасында.
Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,
Хандық құрды қазақ өз даласында.
Елбасы 2015 жыл -- ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы екенін еске салды. Мәселен, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығынатап өтеміз.
"Қазақ елі" бейне роликті тамашалау.
1-тапсырма. Бейне роликке байланысты сұрақтарға жауап беру.
Қазақ хандығының негізін қалаған сұлтандар?
Керей мен Жәнібек сұлтандармен бірігіп көшкен алғашқы ру-тайпалардың атауы?
Қазақ хандығы қашан,қай жерде құрылды?
Қазақ хандығының алғашқы территориясы?
Қасым хан тұсындағы қазақ хандығының астанасы болған қала?
2-тапсырма: Мәтінмен жұмыс.
Биыл Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толады. Тарихқа үнілетін болсақ, қазақ хандығы 15-ғасырдың ортасында құрылды. Хандықтың қазығы Керей мен Жәнібектің бастамасымен Шу, Талас өзенінің бойында
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>