ріне айналған, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы тарихи тұлға.
Болашақ Абылай ханның балалық шағы от пен жалынның, қайғы мен қасіреттің, өлім мен өмірдің ортасында өтті. Ел арасындағы өзара қақтығыста әкесі Уәли қаза тауып, оннан жаңа ғана асқан Әбілмансұр Түркістанға қашып келіп, Төле бидің қолына келеді. Төле би оның жүдеген жүзіне қарап "Сабалақ" деген ат беріп, түйесін бақтырған.
Бір күні Төле би ауылдан келе жатса Сабалақ төрт тағандап ұйықтап жатыр екен. Сонда Төле би жолдастарына айтыпты: "Мынау Сабалақ қалай ұйықтап жатыр, соны білесіңдер ме?" - депті
5
6
Жолдастары: "Би, біз қайдан білейік" - дептіТөле би: "Қолым жеткенше ұстаймын, аяғым жеткенше барамын, дүниенің төрт бұрышын тіреп тұратын ұлмын дегені ғой мына ұйқысы. Бұл төрт рулы елді билейді екен" - депті.
1743 жылы Түркістан қаласында үш жүздің хандары, сұлтандары, батырлары бір тудың астына бірігіп, Абылайды ресми түрде Қазақ ханы етіп сайлайды. Абылай Қазақ мемлекетін нығайту мен оның тәуелсіздігін сақтау жолында көп еңбек сіңірді. Ол билік құрған жылдары алғаш рет қазақтар мен қалмақтар арасында бейбіт келісім жасалды, Ресеймен, Қытаймен тату қарым-қатынас орнатылды.
Абылай хан жоңғарларды жеңіп, Қытай және Ресеймен терезесі тең мемлекет орнатуды көздеді. Осы мақсатта ол Қабанбай, Бөгенбай, Өтеген сынды батырлармен қалмақтарға шабуылды күшейте түсті.
Мәтін бойынша тапсырмалар
ІV- Сөздерді оқып, бұрыннан таныс сөздердің астын сызыңыз.
саясат
қолбасшы
қайраткер
әділдік
жарғы
балалық шақ
үш жүздің хандары
V- "Анаграмма"
анх, баыалй, натсул, кейер, жғыар,ахднық, оңжғар, басақла
3
6
VІ- Стратегиялық тапсырма
Сөйлемдер
Сұрақ
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>