"Жарғы" сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген.
Жеті жарғы 1-жарғы. Көтеріліс жасап,бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын. (Бұл жарғы мемлекеттің бүтіндігі талабынан туды).
2-жарғы. Түркі халқының мүддесін сатып,елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы халықтың ортақ мүддесі - елдің бүтіндігін қорғаған біртұтас қоғамдық сананың жемісі).
3-жарғы . Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы да жабайылықтың төменгі сатысына тән кісі өлтірішулікке тыйым салған және мәдениеттіліктің белгісі ретінде танылуға тиіс өте елеулі жаңалық).
4
4-жарғы. Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап,ақ некені бұзушыларға өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы да шаңырақтың бірлігін қамтамасыз еткен,неке парызына адалықты талап еткен маңызы зор жаңалық). 5-жарғы. Өреде тұрған,тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын. (Ол кезде "ер қанаты - ат" елдің,мемлекеттік соғыс күші ретіне бағаланады).
6-жарғы. Төбелесте мертігуің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін: а)біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді,ал қызы жоқ болса қыздың қалыңмалын береді. ә)төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.
7-жарғы. Ұрланған жылқы өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілсін.
"Жеті жарғыны" қазақ халқы ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданып келді.
3-мәтін
Әбілмансұр
Абылай хан (Әбілмансұр, 1711 -1781) - атақты қазақ хандарының бірі, бірегей қолбасшы, дарынды дипломант, қазақ жерін біріктіруші. Сондай - ақ ол құлдан хан болған, халқына қорған болған, жұртын біріктірген, жерін бүтіндеген. Елінің еңсесін көтерген, қазақ қоғамын дамытқан, талай - талай дастандардың бас кейіпке
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>