8
Сабақтың тақырыбы: "Қазақ хандығына-550 жыл"
Сабақтың мақсаты:
1. Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, Отаншылдыққа, бірлікке, ынтымаққа шақыру.
2. Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған Керей хан мен Абылай ханның өмірімен таныстыра отырып, тыңдаушылардың өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Көрнекілік құралдар: Карта, тірек схемалары, Абылай, Керей суреттері, әр түрлі кестелер.
Сабақтың түрі: танымдық сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Тыңдаушылардың назарын сабаққа аудару.
Биылғы - 2015 жыл еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Біз мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығы құрылғандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз.
1
2
"Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел Бірлігі -- біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемгеүлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға "Нұрлы жол" Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!" -- деп қорытындылады Елбасы өз сөзін.
Қ. Р. Гимні орындалады
ІІ. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
Елбасы Қазақстандықтарға жылда не арнап отырады?
2015 жылы шыққан жолдауы қалай аталады?
Жолдаудағы негізгі идея не?
"Мәңгілік ел" туралы не білесіздер?
2015
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>