Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

. Еділдің Ақтума, Бозан бойларында туып-өскен. XV ғасырдың орта шенінде іргесі жаңадан қаланған Қазақ хандығына қоныс аударған.
Шалкиіз Тіленшіұлы (1465 -- 1560 жылы ш. ) -- жырау, орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі. Шалкиіз жас кезінен-ақ ер жүрек жауынгер әрі талантты жырау ретінде даңққа бөленді. Жігіттік шағы Ноғай Ордасындағы Мұса бидің маңайында өткен. Кейіннен Үлкен Орданың әміршісі, Мансұрұлы Темір бидің және ноғайлы Жүсіп бидің төңірегінде, өмірінің соңғы кезін қазақ ханы Хақназар маңында өткізді.
"Ақтамберді толғауынан" үзінді тыңдатылады.
Ақтамберді Сарыұлы Оңтүстік Қазақстан облысында дәулетті отбасында дүниеге келген. Ол 17 жасынан бастап қазақ хандығымен Орта Азия хандықтарының арасындағы соғыстарға қатысқан. 1729 жылы өлім жазасына бұйырылып, қашып құтылған. Жырау жоңғарларға қарсы 1723-1730 жылы кезінде орта жүз рубасы ақсақалдарынның бірі болды. Жоңғарлар талқандалып еліміздің шығысы азат етілгеннен кейін, босаған жерге елді қайта қоныстандыру кезінде де жырау айтарлықтай қызмет атқарады.
Үмбетей жырау Ақмола облысы, Ерейментау ауданы жерінде өмір сүрген. Үмбетейдің жыраулық жолға түсуіне қобыз тартып, ел ішінде абыз атанған әкесі Тілеудің әсері мол болған тәрізді. Жырау атақты батырларды мадақтап, елге таныстырып отырған.
Саз өнері. Мәтінмен жұмыс.
Оқушылар шетел ғалымдарының қазақ халқының саз өнеріне берген бағаларын ескере отырып, 5 минуттық эссе жазады.
Француз жазушысы Ромен Роллан да қазақты екінің бірі домбыра тартып, ән айтып, өлең шығаратын өнерлі халық,ақын халық деп бағалаған.
Қазақтың музыкалық аспаптары. Оқулықпен жұмыс.
"Қазақтың ұлттық аспабы- Жетіген және Сыбызғы" туралы бейнематериал көрсетіледі.
Оқушылар өткен білімдерін еске түсіре отырып және бейне

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: