Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

r/>3. "Талас ескерткіштері" С. Алшын тілінде
4. "Наһжи әл Фарадис" Д. Керей тілінде
5. "Кодекс куманикус" Е. Дулат-үйсін тілінде.
Жауабы: 1. С, 2. Д, 3. Е, 4. В, 5. А.
Жаңа сабақ: 46-47. Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі
Жоспары:
1. XV-XVI ғасырлардағы ақын-жыраулар.
2. Саз өнері.
3. Қазақтың музыкалық аспаптары.
Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы
(14 ғасырдың ақыры - 15 ғасырдың басы) - мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Қызылорда облысы Шиелі ауданы"Жеті әулие" қорымындағы Асан ата кесенесі Асан Қайғы мазары делінеді. Асан Қайғы есімі тек қазақ халқына ғана емес, басқа да ағайын халықтарға (қырғыз, қарақалпақ,ноғай тағы басқа) кеңінен тараған.
Доспамбет туралы бейнематериал көрсетіледі.
Доспамбет Жырау (1490, қазіргі Ресей Федерациясы, Ростов облысы, Азов қаласы -- 1523, Астрахан маңы) -- жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Доспамбет жыраудың жырлары ертеректеМ. Османовтың "Ноғай уа құмық шығырлары" атты жинағына енген. Кейін В. В. Радловтың "Халық әдебиетінің үлгілері" деген жинақта басылды. "Ертедегі әдебиет нұсқалары" , "Алдаспан" , "XV -- XVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы" , "Бес ғасыр жырлайды" , т. б. сан алуан хрестоматия, жинақтарда үздіксіз жарияланып келді. Ноғай ордасында әскери қолбасшы болған.
Қазтуған толғауынан үзінді тыңдатылады.
Қазтуған Сүйінішұлы (1420, қазіргі Астрахан облысы Красный Яр қала маңы - ө. ж. б. ) - жырау. Қазтуған Сүйінішұлының туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен. Қазақтың XV ғасырдағы айтулы жорық жырауы. Әскербасы, батыр болған

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: