Қазақ халқының салт-дәстүрлерін білесің бе

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының салт-дәстүрлері
Мақсаты:
1. Оқушылар бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіріледі, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алады. Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы білімдерін толықтырып, кеңейтеді.
Жаңа сөздерді меңгереді, аударма жұмыстарында пайдаланады.
2. Оқушылардың сөздік қорын дамыту, сөйлеу мәнерін жетілдіру, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.
3. Ұлттық қазынамыз салт-дәстүрлерімізбен таныстырып, рухани байлықты қадірлеп- қастерлеу керектігін түсіндіру, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру.
Әдістері: сөздік, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, баяндау, ой толғау.
Сабақ түрі: Білімді жүйелеу: жарыс сабақ
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
А) Сынып тазалығына көңіл бөлу.
Ә) Сәлемдесу. Түгендеу.
Б) Назарларын сабаққа аударту.
Салт – дәстүр - әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс – тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы. Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық - өнеге тәжірибесін құраған.
Мысалы: той, наурыз көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу , ерулік бұлардың бәрі ата салты болып саналады. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени – тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы мәдениеттің байлығы.
Қазақ халқы салт - дәстүрге бай халық. Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды бәрі осы салт-дәстүр көрінісі. Мысалы: ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қал

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: