Қазақ әдебиеті тарихына шолу.
Қазақ әдебиеті тарихындағы елеулі бір сала - жыраулар поэзиясы. Қазақ атымен аталатын дербес мемлекет - Қазақ хандығының негізі қаланумен байланысты өз алдына жеке әдебиетте қалыптасты.
"XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиет тарихы" атты бұл пән ұлттық әдебиетіміздің алғашқы өкілдері - Асан қайғы, Қазтуғаннан бастап Доспамбет, Шалкиіз, ХҮІІ ғасырда өмір сүрген Жиембет, Марғасқа, ХҮІІІ ғасырдағы қазақ поэзиясының соқталы өкілдері Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар жырау және ақындық поэзияның көрнекті өкілдері - Көтеш, Шал ақындар шығармашылығын қамтып, ежелгі түркілік поэзия мен жыраулық поэзияның сабақтастығы идеялық-көркемдік жалғастығы мәселелері, жыраудың қоғамдық-әлеуметтік тұлғасы, жыраулар поэзиясының көркемдік негіздері, жыраулық мұралардың тарихилық мәселелері ғылыми-теориялык тұрғыдан түсіндіріледі.
Пәнді оқыту барысында пәнаралық байланыстар да басты назарда болады. Бұл кезең әдебиетінің тарихи оқиғалармен, саяси-әлеуметтік жағдайлармен байланысты дамуы ерекшеліктеріне де назар аударылады.
Қазақ әдебиетінің тарихындағы маңызды да күрделі кезең болып табылатын ХХ ғасырдың 1900және1920 жылдар аралығындағы әдеби процесс пен әдебиет тарихы туралы хронологиялық ұстанымды сақтай отырып студенттерғе барынша толық, тиянақты білім беру.
Бұл пәннің міндетіне - ХХ ғасырда жазылып, жарық көрген, әдебиеттің тарихы мен процесінде айрықша орны бар көркем шығармалар мен көрнекті қаламгерлердің өмірбаянын, шығармашылық ізденістерін, олар туралы іргелі зерттеулер мен еңбектерді барынша толық қамту болып табылады. Сондай-ақ аталған кезеңдегі әдеби даму мен дәстүрдің диалектикалық үйлесімінің қаншалықты дәрежеде болғандығына назар аударылады.
20-ғасыр 1900-1920жылдар аралығындағы қазақ әдебиетінің тарихы, проза, п
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>