Қазақ әдебиет сабақтарында интерактивті тақтаны қолдану - оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру құралы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


Қазақ әдебиет сабақтарында интерактивті тақтаны қолдану - оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру құралы
Мұғалім: Сейткалиева М. С.
Мәселе: Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану - заман талабы. Көп жайларды зерттеп, көңілге түйіп, мәселелер төңірегінде іздену әр ұстаздың міндетіне айналды. Сондықтан ұстаздардың тәжірибесінде мынадай проблема тууы мүмкін: оқушылардың танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту,көру,қимыл және т. б. ) дамытуда қолданып жүрген әдіс-тәсілдердің заман талабына сай болмауы. Осы проблеманы шешу үшін тиімді жолдарды қарастыру қажет.
Актуалдығы: Қазіргі заман талабы бойынша білім берудің ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі - оқу үдерісіне мультимедиалық технологиялар мен коммуникативтік интерактивті әдістемелердің үйлесімді байланысы негізінде жасалған, оқыту және тексеру электрондық бағдарламаларды, оқулықтарды енгізу.
Интерактивті тақтаның келуіне байланысты оқытудың жаңаша әдісі пайда болды. Мұғалімдер өз сабақтарында мейлінше интерактивті тақтаны пайдалана отырып, жан-жақты ізденіп, сабақтарын қызықты, әрі тартымды, нәтижелі өткізуге тырысуда. Интерактивті тақтаның мүмкіншілігі шексіз.
Мақсат: Оқушылардың жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып, коммуникативтік шығармашылық құзыреттілігін дамыту. Оқушының тілдік қорын дамыту, іс жүзінде ауызша сөйлей білуге үйрету.
Міндет:
1. Қазақ әдебиет оқыту әдістемесін әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне көтерудің тиімді жолы - білім беру саласын толықтай ақпараттандыру.
2. Мемлекеттік тілді оқытуда - ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оңтайлы пайдалану.
Ақпараттық технологиялардың бірі - интерактивтік тақта,

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: