ер.
E) Құлтай.
9. «Біржан мен Сара» айтысы айтыстың қай түріне жататындығын анықтаңыз.
A) Ақындар айтысы.
B) Бәдік айтысы.
C) Жануарлар мен адам айтысы.
D) Жұмбақ айтысы.
E) Жар-жар айтысы.
10. Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады
Үзінді кімдікі екенін белгілеңіз.
A) Ақтамберді.
B) Доспамбет.
C) Шалкиіз.
D) Қазтуған.
E) Асан қайғы.
11. 19-ғасырда Орыс жағрафиялық қоғамының толық мүшесі болған қазақты анықтаңыз.
A) М. Тынышбаев.
B) А. Байтұрсынов.
C) Х. Досмұхамедов.
D) Ш. Уәлиханов.
E) Ы. Алтынсарин.
12. Абай: Талаптың мініп тұлпарын,
Тас қияға өрледің,- деп кімге айтатынын табыңыз.
A) Ақылбайға.
B) Оспанға.
C) Құнанбайға.
D) Әбдірахманға.
E) Мағауияға.
13. Міржақып Дулатов Түркістан республикасының «Ақ жол» газетіне қай жылдары қызметте болғанын белгілеңіз.
A) 1927 ж.
B) 1920 ж.
C) 1925 ж.
D) 1926 ж.
E) 1930 ж.
14. Сюжеттің анықтамасын белгілеңіз.
A) Оқиға не оқиғалар жиынтығы.
B) Бір адамның ұзақ сөзі.
C) Адамның сырт бітімін суреттеу.
D) Оқиғаның мезгілін, орнын көрсету.
E) Оқиғалар арасындағы байланыс.
15. Қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеген қай батыр жазушы екенін белгілеңіз.
A) Рахымжан Қошқарбаев.
B) Мәлік Ғабдуллин.
C) Бауыржан Момышұлы.
D) Талғат Бигелдинов.
E) Қасым Қайсенов.
16. Шағырмақ бұлт жай тастар қай жыраудың шығармасы екенін анықтаңыз.
A) Шалкиіз.
B) Қазтуған.
C) Доспамбет.
D) Жиембет.
E) Асан қайғы.
17. «Балаларыма өсиет» өлеңінің авторын табыңыз.
A) Жиембет.
B) Шалкиіз.
C) Шернияз.
D) Қазтуған.
E) Ақтамберді.
Страницы: << < 90 | 91 | 92 | 93 | 94 > >>