Сабақтың тақырыбы: Қайталау. Арифметикалық амалдар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылармен санның разрядтық құрамы туралы білімдерін пысықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын, логикалық ойлауы мен білімін дамыту Тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын арттырып, математикалық ой – өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым- қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ. Қайталау.
Сабақтың әдіс-тәсілдері : топтастыру, іздендіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс істеу, бекіту.
Сабақтың көрнекілігі: Бекеттер, поезд, слайд, билеттер,үлестірмелі дидактикалық материалдар.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
М: балалар, қазір қандай сабақ?
О:Математика
М: Математика сабағында «математика еліне» саяхатқа шықсақ қалай қарайсыңдар?
О: Шығайық
М: Жолда бізге көптеген тапсырмалар мен есептер кездеседі. Ал сендер оларды орындауға дайынсыңдар ма?
О: Дайынбыз.
М: Жақсы, ендеше саяхатқа немен шығамыз деп ойлайсыңдар?
О: Поезбен
М: Тәуелсіздігімізге 24 жыл толуына орай еліміздің қалаларын аралаған «Тәуелсіздік поезды» бүгінгі біздің саяхатқа баратын көлігіміз. Көлік сапарға дайын.
- Бірақ поездге міну үшін біздерге не қажет?
О: HYPERLINK "http://collegy. ucoz. ru/publ/49-1-0-17639" t "blank" Билет қажет
М: Олай болса кассаға келіп билет алыңдар . Қандай нө
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>