айналу қозғалысына көзімізді жеткіземіз. Орауыш арқылы қарағанда барабанның айналу жылдамдығы әруақытта магнит өрісінің айналу жылдамдығынан кем себебі бірдей бұрыштық жылдамдықпен айналса, онда барабан өткізгіштігіне индукцияланған ЭҚК жоғалады және сондай-ақ айналыс моментін туғызатын күш те болмас еді.
Қарастырылған қарапайым қондырғы үш фазалық асинхронды қозғалтқыштың жүріс принципін түсіндіреді. Асинхронды деген сөз грек тілінен алынған біруақыттылық емес деген ұғым береді, яғни өрістің және
ротордың айналу жылдамдықтарының әртүрлі екендігі көрсетілген.
Қарастырып отырған осы құрылғы үш фазалы синхронды қозғалтқыш жүріс принципін түсіндіреді. Грек сөзі синхронды деген біруақыттылықты білдіреді. Яғни айналмалы өріспен ротордың бірдей айналыс жиілігін көрсетеді. Электр машиналарда айналмалы магнит өрісін туғызу үшін магнит тізбегі құрылады. Статор машинаның қозғалмайтын бөлігі, ортасы қуыс цилиндр түрінде бір-бірінен жекеленген (изоляцияланған) электр-техникалық болат қаңылтыр қабығынан құралады. Ротор-машинаның
қозғалмалы бөлігі. Асинхронды қозғалтқыштарында жалпы жағдайда цилиндр түрінде жеке-жеке изоляцияланған электртехникалық болат қаңылтыр қабығынан жиналған және оның бетіне жасалған қуысқа орналасқан өткізгіштері орамдары бар құрылғы. Синхронды қозғалтқыштарда статорында өзгешелігі жоқ, ол ротор орамдарында тұрақты ток беріледі немесе роторын тұрақты магниттен жасайды.
Страницы: << < 2 | 3 | 4