негізін қалаған принцип. Айналмалы магнит өрісі физик Г. Феррарис 1884 жылы ашқан болатын, бірақ ол электр қозғалтқышын құруға пайдалану тиімсіз деп қате шешімге келді
1887-1888 жылы инженер - физик Н. Тесло екі фазалық асинхронды қозғалтқышын құрастырған, ал 1884 жылы М. О Доливо-Добровольский үш фазалық асинхронды қозғалтқышын ойлап тауып құрған. Н. Тесло өз өмірінің кейінгі жылдарында Америка екі фазалық қозғалтқыштарды, генераторларды және электр берілісін іске енгізу жайында жұмыстар істеді.
Сол бір мезгілде М. О. Доливо-Добровольский барлық үш фазалы жүйелерді дамытты және оларды Европада іске қосты. Үш фазалы токтың артықшылығы ешқандай күмәнділік келтірмейді және ол барлық жерде тез жалпы танылды.
Асинхронды және синхронды қозғалтқыштардың жүріс принципі
Асинхронды қозғалтқыштардың жүріс принципі айналмалы магнит өрісі құбылысын пайдалануға негізделген. Мейлі үш біркелкі қозғалмайтын орауыштар кеңістікте бір-бірінен 120о статор бойында орналасқан делік. Орауыштар бірдей амплитудаға және фаза бойынша 2П/3 бұрышына ығысқан токтармен қоректенеді және орауыштардың ортасына металдан жасалған барабан (ротор) орналастырсақ, оның шеңбер деңгейіне салынған өткізгіштермен жабдықталса, онда осы өткізгіштерде индукцияланудың әсеріне ЭҚК және ток пайда болады.
Магнит өрісі сағат тілі бағытымен айналса, онда бұл барабанның (ротордың) оған қарама-қарсы бағытта айналуына теңбе-тең болып саналады. Осыны еске ала отырып оң қол ережесін пайдаланып барабан өткізгішіндегі пайда болған ток бағытын табамыз ол барабанның жоғарғы бөлігінен әрі қарай бағытталған, ал төменгі бөлігінде керісінше.
Содан кейін сол қол ережесін пайдаланып барабандағы ток пен магнит өрісі арасындағы өзара байланыстықтың тудырған күші арқасында барабанның магнит өрісі бағытында
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>