Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
Жанында интернаты бар
А. Үкібаев атындағы орта мектеп
Абикеева Анар Жұмағазықызы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ 1
Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөніАбикеева Анар Жұмағазықызы 5 «ә» сыныбы
оқушы саны 14 Жарқайың ауданы
Жанында интернаты бар А. Үкібаев атындағы орта мектеп
6 Апта 16. 10. 20153-сабақ 10:30-11:15 қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті
Сабақтың атауыТақырыбы: «Аяз би» ертегісінің тақырыбы мен идеясы
Сілтеме Әдебиет. Авторлары: Ә. Дайыр, Қ. Айтқалиев, слайдтар, сабақ жоспары.
Жалпы мақсаты
1. Қазақ халқының бай қазынасы-ауыз әдебиетінің балаларға лайықты таңдаулы үлгісі- «Аяз би» ертегісінің мазмұнын қаншалықты меңгергенін анықтау, ертегінің тақырыбы мен идеясын анықтату;
2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өзіндік пікір айту, негізгі мәселені анықтай білу, сұрақ қою дағдыларын, сыни тұрғыда ойлауын дамыту;
3. Аяз бидің жақсы қасиеттері мен істерінің мәнін терең түсініп, өз бойларына дарытуға, кейіпкерден үлгі ала білуге тәрбиелеу.
Міндеттер
1. Оқушылардың белсенділігін арттыру;
2. Оқушылардың білетін білімін жаңғырту;
3. Ертегінің тақырыбы мен идеясын анықтау;
4. Өз ойларын еркін айтып, бір-бірінің пікірін тыңдау;
5. Ұжымдасып бірлесе жұмыс істеу.
Мұғалім үшін оқу нәтижелері1. Жеке, жұппен, топтаса отырып шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау;
2. Мұғалім оқуға бағыттап отыру;
3. Оқушылардың бірін-бірі бағалау мүмкіндіктерін жасау.
Сабақтың түрі,әдіс –тәсілдеріБілімді жүйелеу.
Сұрақ –жауап, ішінара ізденіс, жинақтау, қорыту, талдау,
«Интервью», «Топтастыру», «Теріп алу» стратегиялары
Жеке, жұптық, топтық жұмыстар арқылы оқушылардың ұжымдық ойлау әрекеттері
Страницы: 1 | 2 > >>