ot;Гүлдер" биі.
Айбат :
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті біздің аналар.
Шаттық :
Шашымды өріп , тараған,
Қабағыма қараған.
Үлкен кіші демейді,
Сыйлайды оны аналар.
Ерқанат :
Ақ жүректе сақтаған ,
Жарқын күлкің бақ маған.
Ақ бетіңнен сүйемін,
Келші ,келші ақ мамам.
Қуаныш :
Анам ,анам,ақ анам,
Менде өзіңдей ақ болам.
Айтқан тілді аламын,
Жұмсағанға барамын.
Әсел:
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Саламат :
Менің әжем,ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағы әжем.
Іңкәр :
Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсам шаттанған.
Алтыным деп мақтаған,
Айналайын ақ мамам.
"Бауырсақ" ертегісі қуыршақ театры .
Балалар ертегіні тыңдап , соңында қуыршақтармен билейді.
Тәрбиеші : Балалар , қызыл телпектің әжесіне апаратын гүл жинап берейік пе ?
Дидактикалық ойын : Гүлдерді кім көп әрі жылдам жинайды ?
Тәрбиеші :
Өмірдің қызығы ,
Өзіңсіз өтпейді.
Мен үшін анама,
Ешкім де жетпейді.
Ойын : "Баланы іздеп табу"
Ойынның шарты : Балалар шеңбер жасап тұрады ,ортаға аналарды шақырып ,орамалмен көзін байлап ,өз баласын табуы керек. Баланың орны ауыстырылады.
Қорытынды сөз.
Страницы: << < 1 | 2