"Мерекеңмен анашым !" ертеңгілігі
Мақсаты : балаларға көктем және 8-наурыз мерекесі туралы түсінік беру , отбасындағы ананың орнын ,анаға деген құрметті ұғындыру.
Тәрбиеші : Аяулы аналар, ақ жаулықты әжелер, қымбатты әріптестер бүгін І кіші "Балбұлақ" тобы балаларының "Мерекеңмен анашым !" атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер!
Ән: "Айналайын , ақ мамам!"
Тәрбиеші :
Бүгін наурыздың сегізі ,
Сұлулықтың негізі ,
Әдемі сөз анаға -
Баланың айтар лебізі.
Алихан :
Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Ана , сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
Кенесары :
Әже деген көп шығар ,
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
Қ. Айзере :
Мерекені қарсы алып ,
Мәз болады барша жұрт,
Гүл ұсынып анаға ,
Бердім өзім ән салып.
Айгерім:
Ақ анашым, аппағым ,
Өзің жайлы тақпағым,
Өзің жайлы әнім де ,
Арнадым саған бәрін де!
Ә. Санжар:
Әлпештеген баласын ,
Ана бақыт , ана күн.
Әркім сүйіп өзінің ,
Мақтан етер анасын.
Ақкүміс :
Біз доспыз гүлдермен ,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Кәусар :
Ақ әжемді әрқашан,
Сыйлап жақсы көремін.
Қуантайын деп оны ,
Өлең айтып беремін.
Тәрбиеші :
Балалар,сендер өз аналарыңды жақсы көресіңдер ме?
Осы кезде ортаға қызыл телпек келеді:
Балалар , саламатсыздар ма мерекелеріңізбен, мен әжемнің үйіне бара жатырып адасып қалдым. Сендер менің әжемнің үйіне баруға көмектесесіздер ме?
Тәрбиеші: Қызыл телпек ,мейрамыңыз құтты болсын. Сізге балалармен бірге әжеңізге баруға көмектесеміз. Біз сізді өте жақсы көреміз. Сіз біздің топтың қыздарымен бірге би билеңіз.
&qu
Страницы: 1 | 2 > >>