Аяулы анашым

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

3 Красный Яр орта мектебі
Бастауыш сынып ұстазы Саденова Самал Болатбекқызы
1 "Б" сыныбында өткізілген "Аяулы анашым" ертеңгілігі

Тақырыбы: "Аяулы анашым!"
Мақсаты: Балаларға көктем туралы,8- наурыз мерекесі туралы түсінік беру, отбасындағы ананың орнын,анаға деген құрметті ұғындыру, еліне,жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, адамгершілік, қамқорлық,достыққа, ұйымшылдыққа баулу және әдемілікті сезіне білуге үйрету.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 - наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі "Аяулы анашым!" - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметі аналар.
Ән: "Көктем".
Ана деген - асқақ ән,
Орындайтын әрқашан.
Анадай қымбат сыйлықты
Таба алмайсың ешқашан.

Ана-біздің гүліміз,
Ана-біздің күніміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз

Ана деген - ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың!

Кір түсірмей жағама,
Шашымды да тарайсың.
Мектебіме барарда
Мейірлене қарайсың.
Ән: "Кел,балалар,ойн

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: