Аяулы анашым

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

н
Бишілердің орындауында "Гүлдер" биін қабыл алыңыздар.


Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек.
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.

Алтын анам, жасымнан аялаған,
Мен үшін игілікті аямаған.
Сабақтан шаршап үйге келгенімде,
Бал сөзі-жаным деген, сая маған.
Бізге жарық өмір сыйлаған, бізді дүниеге әкелген анамыз бен әкеміз болса, сол ананың анасы, әкенің анасы бізге әже болады.
Қариясы бар үйдің қазынасы бар деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, өлең жырларымызды қабыл алыңыздар.
Ән: "Апатайым, анашым"
Әже деген - берекесі әр үйдің
Әже деген - қамқоршысы сәбидің
Әже деген - алыптардың анасы
Әже деген - қонағы ғой пәнидің

Менің әжем сымбатты,
Әжем маған қымбатты.
Құрт пен майын жинайды,
Бізге оны сыйлайды.

Ертек қандай көп еді,
Күнде айтып береді.
Қуанатын балаша,
Менің әжем тамаша.

Қайырымды, қасиетті.
Ең ардақты ақ әжем.
Әрбір сөзі өсиетті
Баға жетпес ақ әжем.

Тосып тәтті дәмдерін,
Ол бар жерде бал жедім.
Мен ұйықтарда айтады
Ертегісін, әндерін.
Біздің үйде осындай
Әжетайым бар менің.

Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Үнді биі. Орындайтын : Алибекова Айдана
Сендерге жарық сыйлаған кім? АНА
Жылатуға қимаған кім? АНА
Жөргегіңді ауыстырып,құндақтап,
Сен деп жанын қинаған кім? АНА
Сен ауырсаң жүдеген кім? АНА
Күдігі тез үдеген кім? АНА
Айыққанша,қосылғанша қатарға,
Тілегіңді тілеген кім? АНА
Қатесін кешірген кім? АНА
Анамдағы махаббатқа нанам,
Ең бірінші ана керек балаға,
Ақ аналар жүріңдерші аман!

Бөбегіңнің сыйлығын,<

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: