Аяулы ана-ардағым

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

рнаған
тақпақтарын тыңдайық.
Абылай: Көктем қандай көңілді
Көктен жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып
Күннің көзі көрінді.

Ақбөбек: Қандай қызық көктемде
Күн шуағын төккенде
Гүл тереміз алуан
Шығып алып көк белге.

Гауһар: Көкке бояп өңірді
Көктем келді көңілді.
Бау - бақшада орманда
Құстар әні төгілді.

Әмірхан: Көктем күні керемет
Жаңбыр жауар себелеп
Күн ашылса болғаны
Көлбеңдейді көбелек.

Көктем: Балалар мен сіздерге құр келгенім жоқ. Мен сендерге ойын ала келдім .
Ойын : "Гүлді кім бірінші берді?"
Шарты: Ортаға екі ұл бала шығып, қыздарды алып келіп вальис билейді.
Музыка тоқтағанда жүгіріп барып гүлді әкеліп беру.

Көктем аруы: Жарайсыңдар балалар ,

Жүргізуші : Жарайсыңдар балалар! Көктем аруы біздің балалардың көктемге арналған әндері бар.

Ән : "Көктем келді"
Көктем аруы: Жарайсыңдар балалар! Менің көңілім бір көтеріліп қалды.
Жүргізуші: Біздің балалар биді де жақсы билейді.
Би: "Жалқаубек ".

Жүргізуші : Бәрімізге анасың,біз үшін көп жанасың,
Құтты болсын мейрамың, құттықтаймын анашым.
Мамаларды сүйеміз,сөзін ойға түйеміз,
Әжені де ардақтап әдеппен бас иеміз.
Қариясы бар үйдің, қазынасы бар деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, әжелерімізге арналған тақпақтарымызды айтып берейік.
Асан Кәусар: Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі.
Қандай ғажап күлкісі

Малика : Менің әжем әлі де
Ұқсамайды кәріге
Шай қайнатып береді
Керек болса, бәріне

Нұрғиса: Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Ауырмашы ақ әжем

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: