ғым,
Өзің жайлы әнімде,
Арнадым саған бәрінде.
Хамза: Ананың біз гүліміз
Ана біздің күніміз
Ұландарын қуантып
Ұзақ өмір сүіңіз
Жүргізуші: Көңілің Алатаудың қыранындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,
деп абзал аналарымызға арнаған әнімізді қабыл алыңыз.
Хор: Ән "Анашым"
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, дұрыс айтасыздар.
Барша ана құтты болсын мерекеңіз.
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасам ақ сүтіңді асыл анам.
Нұрай: Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
сендей болса бар адам
шаттық кетпес баладан.
Рахымжан: Анашым аяулым адам сен едің
Серігі болған біздердің.
Түн ұйқысын төрт бөлген
Қамқоршым менің анашым.
Айару: Ақ сүтін берген анашым,
Ақылды менің данашым
Өзіңдей жанды әлемнен
Қайдан табамын анашым?!
Артық Кәусар: Мейірімді сымбатты
Қадірменді қымбатты
Ең жақын жан балаға
Кім десең ол -Ана
Жүргізуші: Көктем қандай көңілді,
Күміс жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылды,
Күн пердесі сөгілді.
Гүлдер жапты бөктерді.
Кел балалар әнменен,
Қарсы алайық көктемді.
Олай болса балалар! Көктем аруын қарсы алайық. (Көктем аруы себет толы гүлмен кіріп келеді. )
Мен көгілдір көктеммін
Жылда бір келіп кетемін
Орманда бұл - бұл сайраған
Көптен күткен көктеммін.
-Әлемдегі ең аяулы аналарды құттықтауға келдім. Сіздерге зор денсаулық пен ашық аспан тілеймін.
-Сәлеметсіздерма балалар! Мен Көктем аруымын .
Көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші: Көктем аруы біздің балалардың көктемге а
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>