ар мен қаптамалар
Қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде қолданылатын құжаттар
Қауіпті жүктерді тасымалдау
Қауіпті жүктер – өздеріне тән қасиеттеріне қарай көлік процесінде адамдардың және жануарлардың өліміне, жарақаттануына, улануына, сәулеленуіне, ауруға шалдығуына, сондай-ақ жарылысқа, өртке, құрылыстардың, көлік құралдарының бүлінуіне әкелуі мүмкін заттар, материалдар және бұйымдар.
Қауіпті жүктерді жіктеу
1-класс – жарылғыш материалдар (ЖМ) (өзіндік қасиеттеріне байланысты немесе жарылғыш заттармен әрекеттескенде жарылатын, сонымен қатар құрамында жарылғыш заттар болатын, пиротехникалық эффект үшін арналған материалдар мен құрылғылар);
Сурет 1- Жарылғыш жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралы
2- класс – сығымдалған, сұйытылған және қысыммен ерітілген газдар, келесі талаптардың кем дегенде біреуіне жауап беруі керек:
- 50С температурасында будың абсолюттік қысымы 3 кгс/см тең немесе артық болатын );
- шектік температурасы 50С төмен.
Физикалық қасиеттері бойынша газдар кеелесі түрлерге бөлінеді:
- шектік температурасы -10С төмен болатын сығылған газдар ;
- шектік температурасы -10С-қа тең немесе артық , бірақ 70 С төмен болатын сұйытылған газдар;
- шектік температурасы 70С-қа тең немесе артық болатын сұйытылған газдар;
- қысыммен ерітілген газдар;
- салқындатумен сұйытылған газдар;
- арнайы белгілеулердің әсеріне тап болатын сығылған газдар немесе аэрозольдар;
Сурет 2- Сығымдалған, сұйытылған және қысыммен ерітілген газдарды тасымалдауға арналған көлік құралы
3- класс – тезтұтанғыш сұйықтықтар (ТТС) (жабық тигельде 61С және одан төмен жағдайда құрамында тезтұтанғыш бу бөліп шығаратын қатты заттары бар тезтұтанғыш сұйықтықтар);
Сурет 3- Тезтұтанғыш сұйықтықтарды тасымалдауға а
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>