Ауа қайда тығылды

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

баулу, оны қорғауға тәрбиелеу.
Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

1.
Шаттық шеңбері
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!Адамдар кездескен кезде бір-біріне саулық тілеп, жылы лебіздерін білдіріп амандасады.
Таңғажайып сәт:
-Бізге қонаққа ертегідегі ең сүйікті кейіпкеріміз- Маша келді. Ол ауа туралы білгісі келеді екен. Ауаны іздеп тауып, ұстап көргісі келеді. Машамен ауаны іздеуге дайынсыңдар ма? Алға!
Шаттық шеңберге тұрады. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Қонаққпен амандасады.
Іздеуге келіседі.
2.
Білімді өзектендіру:
-Ауа дегенді қалай түсінесіңдер? (Онымен біз таныс аламыз)
-Кәне, ұстап көрейікші, оны ұстауға бола ма?
Тәжірбие жұмысын жүргізу.
-Ауаның бар екеніне көз жеткізу үшін, Маша екеуміз бірнеше тәжірбие жасап көруді ұсынамыз.
Тәжірбие жасау
-Маша өзімен бірге сиқырлы қорапша алып келіпті. Ішінде не бар екен, қарап көрейік.
-Бір-бір таспадан алып, үрлеп көріңдерші. Не байқап тұрсыңдар?
-Жарайсыңдар!
-Бұл қорапшада тағы нелер бар екен?
- Енді онымен не істейміз?
Тәрбиеші шарды үрлейді. Оған не болды?
-Өте жақсы! Машаның қорапшасында тағы не бар екен?
-Иә, бұл қоңырау бізді демалуға шақырады.
Сергіту сәті:
Көзге ілінбейтін,
Жұтсаң білінбейтін
Ауаны біз іздейік.
Ауызымызды жабайық,
Терең тыныс алайық!
Тәжірбие жұмысын одан әрі қарай жалғастыру.
-Үстелге жақындап, су құйылған стакан мен сабанды алайық. Сабанмен суға үрлеңдер. Не көріп тұрсыңдар?
-Бұл не екен?

Сұрақтарға жауап беріп, білетіндерімен бөліседі.
Таспалар.
Олар қозғалады.
Шарлар.
Үрлеп, ішіне ауа толтырамыз.
Ауа толтырдық.
Қоңырау.
Өлең мазмұнына қарай қимылдар орындайды.
Т

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: