Қатынас

Страницы: 1 | 2  >  >>

Ересек "Көбелек" тобының ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Тақырыбы: Қыс келбеті.
Білім беру саласы: "Қатынас"
Кіші сала: Тіл дамыту.
Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту. Сурет бойынша әңгімелеуді өмірмен байланыстыра білуге үйрету. Қыс мезгілінің ерекшелігін ажырату. Қысқы ойындардың шынықтыратынын түсіндіру. Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атай білуді түсіндіру. Д/о "Қыс қызығы".
Дидактикалық құралдар: суреттер


Іс әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс әрекеті
Балалардың іс әрекеті

І кезең мотивациялық-қозғаушы

Тренинг:Алақандарын түйістіріп
шеңберге тұрып музыка
ырғағымен теңселу.
Амандасу рәсімі.
Күндей жадырап
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір таза.
Көңілмен бүгінгі
Күнімізді бастайық!
Амандасып, көңілді болады.



ІІ кезең проблемалық ізденушілік


















Балалар, мен сендерге бір өлең жолдарын оқып берейін, мұқият тыңдаңдар.
Ақ киімді денелі ақ сақалды,
Соқыр мылқау танымас тірі жанды,
Үсті басы аққырау, түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Бұл Абай атамыздың "Қыс" деген өлеңі. Бұл өлеңде қыс туралы қалай айтылған? Ендеше қыс туралы болжамдарды білесіңдер ме?
Мысалы: Қыс қарлы болса, жаз жаңбырлы болады. Қыс аязды болса, жаз ыстық болады.
-Қыста адамдар қалай киінеді?
-Қандай мерекелер болады?
-Қыстан қалған құстарға қалай көмектесеміз?
-Қыс, қар, боран, ұлпа-аппақ, аяз болады деген сөздерді қосып сөйлем құрастырайық.
Әліппе дәптер. "Қыс көрісі" суретті әңгімелету.
-Неліктен қыста құстар ұшып кетеді?

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: