1,293г/л. 1 молінің қалыпты жағдайдағы көлемі 22,4 л. Оның құрамында мынадай газдар болады. Яғни көлемі бойынша ауада 78 азот, 21 оттек, 1 инертті және басқа газдар болады. Адам тыныс алғанда оттегіні сіңіріп, сыртқа көмірқышқыл газын бөліп шығарады. Өсімдіктер көмірқышқыл газын өзіне сіңіріп сыртқа оттегіні бөледі. Адам өкпе арқылы тыныс алады. Өкпе сырттан келетін оттегіні қанға тасымалдайды. Біз таза ауаны өсімдік әлемінен аламыз. Жасыл өсімдіктер миллиардтаған жылдар ішінде атмосфераны көмірқышқыл газынан тазартып, оны оттекпен байытты. Табиғатта өсімдіктердің оттегі бөлетін фотосинтез үрдісі үнемі жүріп отырады. Ауаның құрамын алғашқы рет француз ғалымы А. Лавуазье, ағылшын ғалымы Джозеф Пристли 1774 жылы анықтады. ХҮІІІ ғасырға дейін табиғат зерттеушілер реакция кезінде түзілетін газдардың бәрін "ауа" деп ойлаған, әрқайсысына ерекше қасиеттері үшін мысалы, сутекті "жанғыш ауа", көмірқышқыл газын "орман ауасы" деп атаған. Мұнай өндіру, өңдеу, Мұнай химия өнеркәсібі атмосфералық ауаға көмірсутектер, күкіртті сутектер және басқа да иісі жағымсыз заттар бөледі. Қазақстанның Каспий өңіріндегі тек Мұнай өндіретін орындарынан жылыша атмосфераға 184 ООО тонна әртүрлі зиянды заттар бөлінеді. Ал қазіргі кезде Мұнай өндіретін кен орындарының саны да, өндіретін Мұнайдың мөлшері де ол кездегіден көбейе түсті.
V. Бөлім "Білім шыңы" 1. есеп. Болашак экологиялық таза және тиімді отын сутектің оттекте жануы екенін және нәтижесінде су түзілетінін біле отырып, 12 кг сутекті жағу үшін ауаның қанша массасы екенін есепте.
VІ. Сабақты бекіту. 1. Өз қаламызда ауа таза болу үшін не істеу керек 2. Сыныптың ауасы таза болу үшін не істеу керек? 3. Таза ауа- денсаулық кепілі дегенді қалай түсінесің? 4. Ауаның қандай қасиеттерін білесіңде
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>